Алматыда екі жылда 4 судья істі болды

854

Сыбайлас жемқорлық туралы заңға өзгерістер енгізілмек. 

Алматыда екі жылда 4 судья істі болды

Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров мәлім етті. 

"2019-2020 жылдары біздің департамент Алматы судьяларына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған 4 фактіні анықтады. Судьялардың ерекше иммунитеті бар. Соған қарамастан Наурызбай, Бостандық, Медеу аудандарының судьялары мен Бостандық ауданындағы азаматтық істер жөніндегі сот төрағасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл істер бойынша айыптау үкімі шығарылды, кінәлі тарап нақты мерзімге жазаланды", – деген спикер сыбайлас жемқорлық туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді. 

"Бұл өзгерістер сот иммунитетін шектеуге емес, олардың құқығын барша халықтікімен теңестіруге бағытталады", – деді Нығметжан Сапаров. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу