Оған себеп - екі қабатты тұрғын үйден шыққан өрт, деп хабарлайды inbuisness.kz.
14 наурызда сағат 20:24-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесі мекенжайына аттанды.
"Оқиға орнына сағат 20:32-де жеткен № 1 МӨСБ алғашқы бөлімшелері екі қабатты ғимараттың екінші қабатындағы пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Аралас үй-жайларды қорғап, өртті сөндіруге өрт оқпандары әзірленді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Ғимараттың отқа төзімділігі төмен санатына жататыны, қабырғалар мен төбе жабындарында жасырын бос орындардың болуы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 21.43-те оқшауланды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт іргелес орналасқан үйлерге таралған жоқ", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт сағат 22-21 толықтай сөндірілді.
Қызыл жалын 200 шаршы метр аумақты жалмаған.