Алматыда Экология және қоршаған орта басқармасы басшысы пара алғаны үшін ұсталды

868

Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматыда Экология және қоршаған орта басқармасы басшысы пара алғаны үшін ұсталды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Алматы қаласының тұрғындарын алаңдататын мәселелердің бірі-экология. Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті осы саладағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нақтырақ айтқанда, жүйелі түрде пара алып келген Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасарының әрекеті әшкереленді.

Олардың бизнес өкілдерінен экологиялық бекеттерде автокөлік құралдарына экологиялық мониторинг жүргізу бойынша бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін 12 млн теңгеден астам қаражат алынғаны анықталды.

Бұдан басқа, жемқорлық жасауда әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымы – "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің" басшылығы әшкереленді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар парк басшысының санитарлық бұтау және ағаштарды кесу жөніндегі шарттар аясында орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1,5 млн. теңге сомасында пара алғаны туралы дәлелдер алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу