Алматыда экологиялық акция кезінде 200 келіге жуық қалдық жиналды

283

Акцияға тұрғын үй кешенінің тұрғындары қатысты.

Алматыда экологиялық акция кезінде 200 келіге жуық қалдық жиналды Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматының Алмалы ауданындағы Lake Town тұрғын үй кешенінде өткен экологиялық акция барысында 200 келіге жуық қайта өңдеуге жарамды қалдық жиналды. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиналған қалдықтардың қатарында пластик бөтелкелер мен қақпақтар, макулатура, шыны ыдыстар, алюминий банкалар, батарейкалар және құрамында сынап бар шамдар бар. Олар полигонға жіберілмей, қайта өңдеуге тапсырылды.

Акция барысында қатысушылар пластик ұсақтайтын велосипед құрылғыларын да пайдаланды. Олар педальді айналдыру арқылы пластик қақпақтарды ұсақтап, тұрмыстық қалдықтардың жаңа бұйым жасауға қажетті шикізатқа айналу үдерісімен танысты.

Қайта өңделген пластиктен жиһаз, интерьер бұйымдары, тіреуіштер, салпыншақтар және түрлі арт-нысандар жасалады.

Іс-шараны қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған ECO Network экологиялық қауымдастығы ұйымдастырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу