Алматыда экологиялық митинг өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Sputnik Қазақстан" Telegram-каналына сілтеме жасап.
Митинг қала орталығындағы Шоқан Уәлиханов орталығында өтіп жатыр. Онда шамамен 150 адам жиналған.
Қатысушылардың арасында журналистер, белсенділер, оның ішінде президент сайлауына қатысқан эколог Мэлс Елеусізов те бар.
Қатысушылар "Алматы: я не могу дышать", "Алматы я и ты" деп жазылған плакаттарды ұстап тұр.
Сондай-ақ, митинг өткізу орнында 7 патрульдік автомобиль және екі автозак бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу