Алматыда көліктерге тексеріс басталды

448

Шаһарда ауаны ластайтын автокөліктерге қарсы рейд жүргізілуде. 

Алматыда көліктерге тексеріс басталды Фото: СҚО ПД

Тексеру барысында 131 көліктің шығарындылары зерттеліп, оның ішінде 21 жүргізуші экологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Рейдті Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі мен "ЭКО Алматы" компаниясының мамандары бірлесіп ұйымдастырды. 4-5 қазан күндері жылжымалы экологиялық зертхана заманауи газталдағыш және түтінөлшегіш құралдарды пайдаланып, көліктердің ауаға тастайтын зиянды заттарының мөлшерін анықтады.

Полиция департаментінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – тек заң бұзушылықты анықтау емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

– Мұндай тексерулердің басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеру. Қаланың ауасы – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз, – деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу