Алматыда экологияның жағдайын бақылайтын онлайн-карта жасалды

1030

Құрылғы мегополис тұрғындарына қоршаған ортаның жағдайы, атмосфералық ауаның сапасы туралы кең мағлұмат береді.

Алматыда экологияның жағдайын бақылайтын онлайн-карта жасалды

Шаһарда экологияның жағдайын бақылайтын онлайн-карта іске қосылды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жоба Алматының экологиялық жағдайы жөніндегі барлық мәліметтерді бірыңғай платформаға біріктіреді. Мониторингтік стансалар әрбір 20 минут сайын онлайн режимінде ауаның жағдайы жөнінде ақпараттық жүйені іске қосып отырады. Мұндағы көрсеткіштер графиктер және сандық деректер түрінде беріледі. 

Станциялар атмосферадағы ластаушы заттардың көлемін, сондай-ақ ылғалдылық, температура, қысым, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді. Осылайша орташа күндік көрсеткіштер есептеледі.

"Жобаның мақсаты — қарапайым азаматтарға, сарапшылар мен мамандарға онлайн форматта мәліметтер беру. Сонымен қатар, жинақталған көрсеткіштер бойынша ауа сапасының және басқа параметрлердің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады", – деп жазылған хабарламада. 

Еске салсақ, қалада ауа сапасына мониторинг жүргізетін 10 орталық бар. LED-экрандарға ақпараттарды шығару және мәліметтер базасына көрсеткіштерді беру үшін онлайн мониторингтің тағы 10 датчигі іске қосылып, жұмыс барынша сапалы жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу