Алматыда экономикалық индикатор 23,9%-ға өсті

Жағымды динамика сауда, өңдеу өнеркәсібі, көлік салаларында тіркелді.  

Алматыда экономикалық индикатор 23,9%-ға өсті Фото: gov.kz

Бұл туралы Ерболат Досаев Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс II сессиясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті Алматы қаласын дамыту бағдарламасының негізгі басымдықтары негізінде қалыптастырылды. Осы жылдың І-тоқсанында экономиканың қарқынды дамуы бюджетті нақтылауға негіз болды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9%-ға өсті. Сауда (+29,4%), өңдеу өнеркәсібі (+24,5%), көлік (+21,8%) салалары экономика өсімінің драйверлері болды. Экономиканың дами түсуі мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді 32,1%-ке, арттырды. Барлығы 1 241,1 млрд теңге салық және міндетті төлемдер (132,1%), оның ішінде республикалық бюджет - 941,8 млрд теңге (139,3%), жергілікті бюджет – 299,3 млрд теңге (133,5%). Сіздерге бюджетті нақтылауға ұсынылған 265,4 млрд теңге осы жылдың І-ші тоқсанындағы қосымша кірісті қалыптастыру, бюджет қаражатын іштей қайта бөлу және өткен жылдың бос қалдықтары есебінен жүргізілуде", – деген әкім қосымша қаржы қандай салаларға бөлінгенін атады.

Қосымша қаражат негізінен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын модернизациялауға, әлеуметтік қамтуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады.

"Жедел шешімдер қабылдап, оларды нақты іске асыру басты міндетіміз болып табылады, сонда біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз", – деді Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу