Алматыда екпені кімдер алып жатыр?

1727

Қалада 482 мың 57 адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған.  

Алматыда екпені кімдер алып жатыр?

Коронавирусқа қарсы екпені алуға көбінесе 60 жасқан асқан тұрғындарды, студенттерді және созылмалы ауруы бар адамдарды шақырып жатырмыз. Алматы қаласы №5 аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзахова осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда вакцинаның бірінші компонентін 694 мың 566 адам, екінші компонентін 482 мың 57 адам салдырған.

Дәрігердің айтуынша, қалада екпе көбінесе зейнеткерлерге, студенттер мен созылмалы ауруы бар адамдарға салынып жатыр.

"Алматы қаласының әкімдігі, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, біз де СOVID-19-ға қарсы екпені алғандардың жасына талдау жүргіземіз. Басымдық 60 жастан асқан адамдарға, студенттерге және созымалы ауруы бар тұрғындарға беріледі. Оларды вакцина алуға шақырып жатырмыз. Талдау күнделікті жасалады. Ақпаратты тиісті органға күн сайын беріп отырмыз", - деді Гүлзат Байзахова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу