Алматыда электр бағанасына шыққан монтерді тоқ соқты

511

Ер адам тірідей жанып кетті. 

Алматыда электр бағанасына шыққан монтерді тоқ соқты Фото: Inbusiness.kz

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған фактіні растап, тиісті тергеу басталғанын мәлім етті.

"Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр", — деп атап өтті ведомстводан.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі электршінің жеке компанияда жұмыс істегенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу