Алматыда электр көліктері үшін 150 қуаттау құрылғысы орнатылады

381

2023 жылы 750 экологиялық таза автобус сатып алынды.

Алматыда электр көліктері үшін 150 қуаттау құрылғысы орнатылады Фото: Inbusiness.kz

Алматыда электр көлігін дамыту үшін 2024 жылы тротуарлық және алаңдық автотұрақтарда 150 электр қуаттау құрылғысы орнатылады. 10 әлеуетті жеке инвестор тартылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев VIII шақырылған Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жиын барысында депутаттардың қарауына 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы ұсынылды.

Мегаполис әкімі Ерболат Досаев жол инфрақұрылымын жақсарту және қоғамдық көлікті дамыту жоспарына тоқталды.

Ол биыл қаланың 70 көшесінде 25 км жаңа жол салынғанын атап өтті. Биыл 200 км жол орташа жөндеуден өтсе, 2024 жылы қаланың жаңа аудандарында 23 млрд.теңгеге 250 км жолға орташа жөндеу жүргізіледі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көлікті газға және электр тартқышқа ауыстыру жөніндегі экологияландыру жұмысы басталды. 2023 жылы 750 экологиялық таза автобус сатып алынды, оның 600-і қалалық бюджет есебінен. Соңғы 11 жылда алғаш рет Алматыда троллейбус паркін жаңарту басталып, 100 троллейбус сатып алынды. Бұл ретте, келесі жылдан бастап Алматыда дизельді автобустар сатып алынбайды. 2024 жылы жалпы сомасы 88,3 млрд теңгеге тағы 600 автобус, 100 троллейбус, сонымен қатар, 100 электробус (2025 жылы тағы 100) сатып алуды жоспарлап отырмыз", - деді қала басшысы.

Бұған қоса, электр көлігін дамыту үшін 2024 жылы тротуарлық және алаңдық автотұрақтарда 150 электр қуаттау құрылғысы орнатылады. 10 әлеуетті жеке инвестор тартылғанын жеткізді.

Жалпы, келесі жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 244,1 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу