Алматыда электр қуатының бағасы көтерілді

376

Әлеуметтік осал азаматтарға қосымша қолдау көрсету үшін өтемақы мөлшерін 0,6 АЕК (2070 теңгеге) дейін арттыру ұсынылды. 

Алматыда электр қуатының бағасы көтерілді Фото: inbusiness.kz

Алматыда электр қуатының бағасы көтерілді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы, 1 қарашадан бастап электр энергиясының тарифі көтерілді: заңды тұлғалар үшін – 1,2%-ға (0,31 теңгеге жоғары – 26,4 теңгеден 26,7 теңгеге дейін), жеке тұлғалар үшін 1 киловатт/сағ үшін – 7%-ға (1,51 теңгеге жоғары – 21,6 теңгеден 23,1 теңгеге дейін)", – деп түсіндірді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік осал азаматтарға қосымша қолдау көрсету мақсатында өтемақы мөлшерін 0,6 АЕК (2070 теңгеге) дейін ұлғайтып, мәслихаттың тиісті шешімін қабылдау ұсынылып отырғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу