Алматыда электр жарығы 50%-ға қалпына келтірілді - әкімдік

1166

Ауруханалардың ешқайсысы жарықтан ажыратылған жоқ, лифтілерде тұрып қалған адамдар туралы ақпарат түспеді.

Алматыда электр жарығы 50%-ға қалпына келтірілді - әкімдік

Алматыда электр қуатын беру 50%-ға қалпына келтірілді, деп  хабарлайды inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.  

"Алматыда жоғары вольтты электр желілерінің ажыратылуына  байланысты орын алған ақау 50%-ға қалпына келтірілді", – деп хабарлады әкімдік. 

"Самұрық-Энерго" АҚ сағат 11:59-да облысты энергетикалық жүйенің солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстыратын жоғары вольтты электр желілерінің апатты түрде тоқтатылғанын хабарлады.

 "Оқиғаның себептері анықталуда", - деді компания өкілдері.

 "Алатау жарық" АҚ баспасөз қызметінің мәліметуне сүйенсек, Алматыдағы ауруханалардың ешқайсысы жарықтан ажыратылған жоқ. 

“Медициналық мекемелерде электр қуаты ажыоатылған жоқ.  Электр қуатын беруде ақаулар болған жағдайда дизельдік генераторлар қарастырылған”, – деп жазылған хабарламада. 

Ал Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жарық сөнген уақытта лифтілерде тұрып қалған адамдар туралы әзірге ақпарат түспегенін мәлімдеді. 

 "АлЭС" АҚ және "Мойнақ ГЭС" электр стансалары өз жүктемесін сақтап қалды және қазіргі уақытта жүйелік оператордың тапсырысы бойынша қуаттылығын арттыруда. 

 "Самұрық-Энерго" АҚ-ның солтүстік энергия көздері – Екібастұз ГРЭС-і көрсетілген жүктемені сақтап қалды.

Екібастұз ГРЭС-1-де 6 энергоблок жұмыс істеп тұр, ағымдағы жүктеме 2930 МВт, Екібастұз ГРЭС-2-де екі энергоблок жұмыс істейді, жүктеме 950 МВт.  

Еске сала кетсек, 25 қаңтар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының басым бөлігі электр қуатынсыз қалды.  Алматы әкімдігі ақау "KEGOC" АҚ желісі арқылы орын алғанын хабарлады. 

"Желідегі қысым төмендеді", – деп хабарлады әкімдікте.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу