Алматыда электроавтобус шығаратын зауыт салынады

921

Алматыда электроавтобус шығаратын зауыт салынады

Алматыда FalconEuroBus компаниясымен бірге электроавтобус шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есепті баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Көлік проблемасын шешу экологияны жақсартатыны белгілі. Алматыда күн сайын 700 мыңнан астам автомобиль жүреді. Көлік залалы 80%. Осыны ескере келе қала әкімі, болашақта қоғамдық көлікті реформалау ісі жалғасатынын жеткізді. 

"Метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, келер жылы МЖӘ қағидасы бойынша ЖРК құрылысын қолға алу жоспарланған. Қазір қаланың қоғамдық көлік паркі 1,4 мың бірлікті құрайды, олардың 60%-ы газбен жүретін автобустар мен троллейбустар. Биыл қала автопаркі 530 жаңа автобуспен толығады, олардың 211-і бағыттар бойынша жолға шықты. Екі жыл ішінде "ОҢАЙ!" жүйесі бойынша 20 млрд теңгеге 350 млн транзакцияланды. Тасымалдаушылардың негізі табысы екі есе өсті. FalconEuroBus компаниясымен бірге электроавтобус шығаратын зауыт салынады", - деді Алматы қаласының басшысы.

Қалада ұзындығы 21 км болатын "Орбитадан Көкбазарға дейін" велодәлізі және 68 км веложолдар жасалды. "Almaty Bike" велостанциясы 200-ден 1730-ға артқан.

Әкімнің сөзіне сүйенсек, кіші көлік айналымы, БАКАД бағыты бойынша үш радиалды жолдар салынды. Қазір Абай даңғылы қала шекарасына дейін үңгіленуде. 30 шақырым жаңа жол, жол айрықтары, магистральді көшелер жасалуда, 180 шақырым  жол  орташа жөндеуден өтті, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2 есе көп. 7 көпір жаңарды, 5 өтпелі жол салынды. Ақылы көлік тұрақтарын енгізу барысында бюджет түсімі 5 есе көбейген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу