Алматыда электромобильдер үшін арнайы инфрақұрылым жасақталады

2025-2030 жылдар аралығында жеке және жалпы пайдалануға арналған электр көліктерін зарядтау инфрақұрылымы желілері құрылады.

Алматыда электромобильдер үшін арнайы инфрақұрылым жасақталады Фото: baq.kz

2025 жылға дейін 1200 бірлік дизельді автобустарды газ және электр көлігіне көшіру, 2 жаңа газбен жүретін көлік паркін құру, 5 жаңа газ құю станциясын пайдалануға беру және троллейбус паркін 200 бірлік техникамен жаңарту жоспарлануда.  Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ ЖЭО-2-ні кезең-кезеңімен газдандыру атмосфераға шығарындыларды жылына 2,5 мың тоннаға дейін азайтады. 

"Бұл шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызады", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу