Алматыда электромобильдерді қуаттайтын бекеттер саны көбейеді

148

2025 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша Алматыда  385 электр көлігі тіркелген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп.  

Алматыда электромобильдерді қуаттайтын бекеттер саны көбейеді Фото: Shutterstock. com

Ал, жаңадан салынатын бекеттердің әрқайсысын конкурс арқылы іріктелген отандық инвесторлар орнатады.

"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы электр қуаттау бекеттеріне арналған 311 жер учаскесін бөлді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әр бекет 2 автотұрақ орнын қамтиды, яғни барлық нысан іске қосылғаннан кейін қалада электр көліктерін қуаттауға арналған 622 жаңа орын пайда болады. Бекеттер базар, дәмхана, саябақ пен өзге де қоғамдық орын сынды халық көп жиналатын жерлерге орнатылады. Барлық нысанды жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда Алматыда 300-ден астам электр қуаттау бекеті жұмыс істеп тұр. Бұл жоба 2029 жылға дейінгі электр көліктер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі "жол картасы" аясында жүзеге асырылып жатыр және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу