Алматыда электронды темекіні заңсыз сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды

397

Заңсыз сату қызметінің жолын ҚМА Алматы қалалық Департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізді.

Алматыда электронды темекіні заңсыз сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды Фото: Известия

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз.

Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, денсаулығына және оның сатып алуларына назар аударуын сұраймыз, делінген ҚМА хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу