Алматыда елімізде алғаш рет халал жәрмеңке өтті

1160

Алматыда елімізде алғаш рет халал жәрмеңке өтті

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған "Халал Даму" ЖШС-ның сертификатын алған халал өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шараның ашылу салтанатына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты, деп жазды aikyn.kz.

"Діни басқарма қоғамның сұранысын қанағаттандыру үшін халал өнімдерінің стандартын жүйелеп, дамыту бағытында жұмыс жасап келеді. Бүгінде елімізде адал ас тұтынғысы келетіндер өте көп. Бұл біздің мұсылмандығымыздың белгісі. Адал ас арқылы біздің сеніміміз бен бір-бірімізге құрметіміз, болашаққа деген үмітіміз, мейріміділігіміз арта түседі деген сенімдемін",  деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Қазақстанның 30-дан астам халал тағам өндірушілері қатысқан жәрмеңке сөрелеріне ет пен сүт тағамдарының, кондитерлік өнімдер мен басқа да халал тағамның кез келген түрлері қойылды. Сонымен бірге биологиялық белсенді қоспаларды өндіретін компаниялар да аталмыш өз өнімдерін ұсынды.
Сондай-ақ, жәрмеңке аясында халал кәсіпорын басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында еліміздегі халал индустриясының бүгінгі жай-күйі мен стандарттау мәселелері төңірегінде баяндамалар жасалып, пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу