Алматыда еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 680 шетелдік ұсталды

614

Оның 115-і Қазақстаннан шығарылды. 

 Алматыда еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 680 шетелдік ұсталды Фото: Ult.kz

Қалалық полиция департаменті "Мигрант" іс-шарасының қорытындысын шығарды.

Алматының көші-қон қызметі,  680 шетелдіктің Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғанын хабарлады.

20-28 ақпан аралығында өткізілген "Мигрант" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған 115 шет мемлекеттің азаматы Қазақстаннан шығарылды.

 "Алматы қаласында көрсетілген мерзімде, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзудың 72 дерегі анықталды, шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағына келу заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін 497 жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік іс тіркелді. Қабылдап-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 634 шетелдік орналастырылды. Заңсыз көші-қон ұйымдастыру және елден шығару туралы сот шешімін орындамау деректері бойынша 14 қылмыстық іс тергелуде", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу