Алматыда элиталық үй иелері бюджетке 247 миллион теңге қарыз

1288

Борышкерлер берешектерін 3 желтоқсанға дейін төлемеген жағдайда Мемлекеттік кірістер департаменті өндіріп алу шараларын қолданбақ.  

Алматыда элиталық үй иелері бюджетке 247 миллион теңге қарыз

2018 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімі 2019 жылдың 1 қазанында өтті. Соған қарамастан элиталық үйлер мен пәтер иелері қарызды өтеуге асығар емес. Атап айтсақ 2019 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша Алматыда 1028 элиталық тұрғын үй иелері бюджетке 247 миллион теңге қарыз.

Соған байланысты, 2019 жылдың 03 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы бойынша МКД полиция департаментімен және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасымен бірлесіп жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу шараларын бастады. Бұл ретте олар борышкердің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін тәркілеу шараларын қолданбақ.

Сондықтан Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті борышкерлерге салықтарын өз еркімен өтеуді сұрайды.  Осы орайда салық төлеушілер берешектерінің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпараттарды МКК сайтынан біле алады.

Бұл ретте МКД жеке тұлға салық міндеттемелерін төлеген жағдайда өсімпұлы есептен шығарылатынын ескертеді. Яғни, мұндай салықтық рақымшылық борышкер қарызын өтегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл жеңілдік 2019 жылдың 31 желтоқсанда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу