Алматыда элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 млн теңге қарыз

935

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері полиция және сот орындаушылармен бірігіп, жеке тұлғалардан қарызды өндіріп алмақ.

Алматыда элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 млн теңге қарыз

Алматыда 1 мыңнан аса элиталық үй мен пәтер иелері салық төлемей отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың бюджетке берешегі 247 млн теңгеден асқан.

2018 жылға мүлік және жер салығын төлеу мерзімі осыдан бір ай бұрын өткеніне қарамастан, элиталық үйлер мен пәтер иелері қарызды өтеуге асықпайтын көрінеді. Осыдан кейін мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері полиция және сот орындаушыларымен бірігіп, жеке тұлғалардан қарызды өндіріп алмақ.

Нақтырақ айтқанда, борышкердің өзінде не өзге де жеке немесе заңды тұлғаларда тұрған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкі тәркіленеді. Сонымен қатар, жеке тұлға салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл төленбейді. Мұндай салықтық рақымшылық 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу