Алматыда элиталық үйлердің иелері салыққа 34 млн теңге қарыз

1316

Апта соңына дейін қарызын төлемеген жағдайда олардың тізімі БАҚ-қа жарияланады. 

Алматыда элиталық үйлердің иелері салыққа 34 млн теңге қарыз

Алматыда мүлік салығына ең көп қарыз қарапайым адамдар емес элиталық үйлер мен пәтерлердің иелері болып шықты. Бұл туралы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

"Қазіргі кезде элиталық үйлер мен пәтер иелерінің қарызы 34 млн-ға жуықтап қалды. Мысалы, Қыз-жібек көшесіндегі құны 95 млн теңге, ішкі  ауданы 750 шаршы метр үй бюджетке 1,5 млн теңге қарыз. Мұндай үйлер көп. Арасында бірнеше пәтері бар адамдар да бар. Олардың ісі мәжбүрлеп төлеп алу үшін сот орындаушыларына жолданды", – дейді кірістер басқармасы.

Салыққа қарыз үйлер негізінен Алматыдағы ең қымбат саналатын Медеу ауданындағы Достық даңғылы, Қыз-жібек, Оспанов, Ондасынов, Горная көшелері мен Көк-төбе, Горный гигант ықшам аудандарында орналасқан.

Мемлекеттік кірістер басқармасы салық қарызы апта соңына дейін төленбесе, олардың тізімін БАҚ-да жариялаймыз деп отыр. Өйткені жеке тұлғалардың салыққа қарызы салықтық құпия саналмайды. Қарыз адамдардың ішінде Қазақстанға танымал адамдар да көп екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу