6 шілде күні Абай алаңында сағат 20:00-де Астананың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді. Сахнада Луина, Ziruza, Akim, Kyle Ruh, Bonapart, C.C.Tay, Malika Yes, Aya Funk, Rin'Go, "Жігіттер", "Бақай" тобы және т.б. өнер көрсетеді.
4 шілде күні, сағат 19:00-де Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайында Made in KZ тобының қатысуымен "Асқақтай бер, Астана" концерті болады. 5 шілде күні, сағат 14.00-де Alatau Creative Hub-та "Жарқырап, жайнай бер, Астана!" кітап көрмесі мен балаларға арналған зияткерлік ойын өтеді.
Бұған қоса, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:
- Наурызбай ауданы: мерекелік концерт, 5 шілде сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығы, Шұғыла ш/а., 347/4;
- Алатау ауданы: концерт, 5 шілде сағат 17:00-де, Атлетикалық ауыл, Нұркент ш/а., 5/2;
- Түрксіб ауданында: Елорда күніне орай эстрада жұлдыздары мен көркемөнер ұжымдарының қатысуымен 5 шілде күні сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі Арбатта мерекелік іс-шара өтеді. Сағат 20:30-да ашық аспан астындағы фильм көрсетіледі;
- Әуезов ауданында: Астана күнін тойлауға арналған мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 11:00-де "Family" саябағында өтеді;
- Медеу ауданында: Елорда күніне орай шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт 6 шілде күні сағат 11:00-де Гоголь көшесі, 1 мекенжайындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді;
- Алмалы ауданында: Астана күніне арналған мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 17:00-де "MEGA Park" СОО аумағында өтеді.
- Бостандық ауданында: мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 18:00-де Mega Center Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді.