Алматыда ем қабылдап жатқан бір адамның жағдайы ауыр

971

Қаладағы коронавирус анықталған алғашқы пациент Нью-Йорктен келген.  

Алматыда ем қабылдап жатқан бір адамның жағдайы ауыр

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев қалада коронавирус індетін жұқтырған азаматтардың жай-күйін айтып өтті.

"1995 жылы туған бірінші пациент 21 наурыз күні Нью-Йорк-Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Коронавирус анықталған қалған адамдар вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған. Қазіргі уақытта барлық науқастың жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі уақытта 40 пациент бар, оның екеуі бала. 38 науқас қанағаттанарлық жағдайда. Бір баланың жай-күйі орташа, нашар емес динамикада. Ал бір адам ауыр жағдайда", – деді Тілеухан Әбілдаев.

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы жағдайы ауыр адам өкпені желдету апаратында жатқанына тоқталды.

"Жағдайы ауыр адам ентігуіне байланысты өкпені желдету апаратында жатыр. 1956 жылы туған бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті ауруына байланысты жағдайы ауыр хәлде деп саналады. Бүгінгі күні провизорлық госпитальдерге карантинде 931 азамат жатыр. Оның 57-сі бала. Карантиндегі барлық адамдардың дене қызуы қалыпты жағдайда", – деп айтып өтті ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу