Алматыда емханалар күшейтілген жұмыс кестесіне көшті

182

Себебі жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың пайда болу қаупі артты.

Алматыда емханалар күшейтілген жұмыс кестесіне көшті Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тұрғындарды маусымдық эпидемиядан қорғау мақсатында қандай шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

1 қыркүйектен бастап емханалардың барлық егу кабинеттері мен сүзгілері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылады;

қала бойынша фельдшерлік бригадалардың жұмысы үшін емханалар жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесі деңгейінде шұғыл 4 санаттағы шақыруларға қызмет көрсету үшін 102 жедел медициналық автокөлік бөлінді, бұл пациенттердің үйлеріне барып, жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді;

ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу үшін қала стационарларында 453 орын дайындалды және қосымша науқастар саны артқан жағдайда тағы 90 төсек орналастыру мүмкіндігі қарастырылған, бұл стационарлық күтімге мұқтаж пациенттерді уақтылы ауруханаға жатқызуды және емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дайындықтың маңызды бөлігі қарқынды терапия көрсетуге дайындық болды:

Алматының медициналық мекемелерінде өкпені жасанды желдетуге арналған 892 аппарат (ӨЖЖ) бар, бұл тұмау мен ЖРВИ ауыр түрлерімен ауыратын науқастарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қаланың жедел медициналық жәрдем қызметі халық арасында тұмау, ЖРВИ және КВИ-мен сырқаттанушылық көтерілген жағдайда, ЖРВИ белгілері бар және олардың асқынулары болған жүкті әйелдер және 1 жасқа дейінгі балаларды уақтылы ауруханаға жатқызыза отырып, басым тәртіппен қызмет көрсетуге дайын. жедел медициналық жәрдем қызметінде халықтың өтініші күрт артқан жағдайда, 103-тен шақырту қабылдау желілерін ұлғайта отырып, қосымша диспетчер-үстелдерді ашу және ЖМЖҚ резервтік бригадаларын желіге шығару бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу