Алматыда ең тапшы мамандықтар тізімі анықталды

1671

Шаһарда күзетші, әлеуметтік қызметкер мен дәнекерлеушіге сұраныс жоғары. 

Алматыда ең тапшы мамандықтар тізімі анықталды

Алматы қаласын дамыту орталығы Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып, қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына талдау жүргізді. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, 2020 жылдың үшінші тоқсанында мегаполисте күзетші (702 бос жұмыс орны), әлеуметтік қызметкер (629 бос жұмыс орны) және дәнекерлеуші (567 бос жұмыс орны) ең тапшы мамандықтар қатарында екен. Ал керісінше мамандар көп, бос орын жоқ салалар қатарында хирург дәрігер (64 түйіндеме), терапевт дәрігер (63 түйіндеме) және шет тілі мұғалімі (58 түйіндеме) бар.

Жалпы аталған кезеңде www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында Алматы бойынша 19,3 мың бос жұмыс орны орналастырылған. Оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіп жұмысшылары үшін 5 мың бос жұмыс орны, кәсіби мамандар үшін 4,3 мың бос жұмыс орны, әкімшілендіру саласындағы қызметшілер үшін 3,2 мың бос жұмыс орны белгіленген.

2020 жылдың 9 айы ішінде барлығы 56,2 мың жұмыс орны ашылды. Олар ШОБ субъектілері (24,3 мың), "Еңбек" бағдарламасы (17,7 мың) мен Жұмыспен қамтудың жол картасы (9,2 мың) аясында құрылды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу