Алматыда қала әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен бәйге бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының финалы өтті. Іс-шараны "Бәйге федерациясы" РҚБ ұйымдастырды.
Финалдық жарыстарда Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары бәсеке түсті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 82 500 000 теңгені құрады.
Оның қорытындысы бойынша бірнеше жеңімпаз іріктелді. Сонымен, "Ұшқыр бәйге" сайысы бойынша І орынды Орасан Зор арғымағымен шабандоз Дидарбек Күрішбек иеленді. 1 орын үшін жүлде қоры 2 500 000 млн теңгені құрады.
- "Құнан бәйге" сайысында шабандоз Арнат Мұратхан Жұлдызай тұлпарымен жеңіске жетті. Мұнда 1 орын үшін жүлделі қор 5 000 000 млн теңгені, 2 орын үшін - 2 500 000 млн теңгені және 3 орын үшін - 1 500 000 млн теңгені құрады.
- "Жорға жарыс" сайысында I орынды шабандоз Мақсат Мүсілімұлы Банзай атымен жеңіп алды. 1 орын үшін жүлде қоры 3 000 000 млн теңгені құрады.
- "Құнан бәйгенің" финалдық жарысында шабандоз Арнат Мұратхан бірге Зымыран арғымағымен жеңімпаз атанды. 1 орын үшін жүлде қоры 5 000 000 млн теңгені құрады.
- "Топ бәйге" сайысында жарыс қорытындысы бойынша бірінші жүлдені шабандоз Абзал Тұрмыс Тұмар есімді атымен жеңіп алды. 1 орын үшін жүлде қоры 8 000 000 млн теңгені, 2 орын үшін - 3 000 000 млн теңгені және 3 орын үшін - 1 500 000 млн теңгені құрады.
- "Аламан бәйге" бойынша I орынды шабандоз Әлішер Тілек Құпия есімді арғымағымен иеленді. 1 орын үшін жүлде қоры 10 000 000 млн теңгені құрады.
- "Ұлы Алман" бәйгесінде І орынды Шағала атымен шабандоз Асланбек Әбдіхал жеңіп алды.1 орын үшін жүлде қоры 9 000 000 млн теңгені құрады.
Чемпионаттың музыкалық көңіл - күйін Федерация амбассадоры Асылбек Еңсепов, қазақ эстрадасының сүйікті әртістері Медеу Арынбаев пен Әзімбек Бейлин көтерді. Іс – шара аясында "Ұлттық киім - ұлт ажары" байқауы ұлттық костюмдер байқауы өтті. Оның жеңімпазы Бақытгүл Пардаева болды.
Айта кетерлігі, келесі жылы Чемпионатқа жаңа қалаларды қосу және қатысушылар үшін жүлде қорын ұлғайту жоспарлануда.