Алматыда энергия кешені мен инженерлік желілердің жалпы дайындығы 75,6%-ды құрайды

Шаһарда жылыту маусымына қызу дайындық жүргізіліп жатыр. 

Алматыда энергия кешені мен инженерлік желілердің жалпы дайындығы 75,6%-ды құрайды Фото: gov.kz

Әкім Ерболат Досаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңесте хабарлағандай, биыл 15 тамызда энергия кешені мен инженерлік желілердің жалпы дайындығы 75,6%. 

Жылумен жабдықтау бойынша дайындық 75%, электрмен жабдықтауда 72%, газбен жабдықтауда 77%, сумен жабдықтау және су бұру бойынша 80%. Бұл ретте, Алматыда көмір бойынша отын қорымен қамтамасыз ету 123%. 

"Алматы қаласының коммуналдық шаруашылығының алдағы жылыту маусымына толық дайындығы 1 қазанға дейін аяқталады", - деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу