Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

519

Қыркүйекте коронавирусқа шалдыққан 160 адам анықталған.  

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

"Алматыда індеттің таралу индексі 1-ден төмен. Ауруханаларда орындардың тек 5%-ында науқастар жатыр. Қыркүйек айында барлығы 160 коронавирустық инфекцияға шалдыққан адам  тіркелді. Сондай –ақ, этиялогиясы белгісіз 195 пневмония анықталды. Ал коронавирус ошақтарында 305 байланыста болған адам оқшауланған. Жалпы алғанда қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу