Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, артынан өзіне қол салды

523

Қайғылы оқиға кеше түнде Наурызбай ауданында болған. 

Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, артынан өзіне қол салды Фото: polisia.kz

Алматыда ер адам әйелін мылтықпен атып, одан соң өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады inbusiness.kz.

Алдын ала болжам бойынша, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйелін мылтықпен өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, бұл дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу