Алматыда ер адам әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін қамауға алынды

86

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Алматыда ер адам әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін қамауға алынды   Фото: Pixabay.com

Алматыда ер адам мектеп маңындағы аялдамада қыз балаға өзімен бірге жүру үшін ақша ұсынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ер адам әуелі мектеп оқушысына 100 мың теңге, кейін 300 мың теңге беретінін айтып, өзімен бірге жүруге көндірмек болған. Жазбада оқиға қаладағы № 50 мектептің маңында болғаны айтылған.

Алматы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ер адам ұсталды.

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

— Ол сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу