Онда ер адамның автобустағы жолаушыларды пышақпен қорқытқанын, түскен соң көлік дөңгелегін теспек болғанын көруге болады.
Полицейлер видео жөнінде пікір білдірді.
"Бұл факті бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ер адамның жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.
"Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", – деді полицейлер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу