Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36 шамасында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
“Ол жан-жағында адамның жоқ екеніне көз жеткізіп, өзінен-өзі 10 жастағы балаларды ұрып, тепкілеген”, – делінген желідегі жазбада.
Парақша жазбаның астына Алматы қаласының полициясын белгілеп, болған жағдайға пікір білдіруін сұрады.
“Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ер адамның кім екенін анықтап, бөлімшеге жеткізді”, – деп жауап берген полиция департаменті.
Ведомство ер адамның бұл әрекетіне құқықтық баға берілгенін мәлімдеді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу