Алматыда ішімдікке сылқия тойған мас адам үйінде жанжал шығарған, салдарынан әйелі тәртіп сақшыларын шақыртуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы қалалық Полиция департаменті бұл оқиға Алмалы ауданындағы үйлердің бірінде болғанын мәлім етті.
"102" пультіне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, күйеуі - 1984 жылы туған Р. есімді азамат, қатты мас болғанын, отбасында жанжал шығарғанын, нәтижесінде әйел адам кенже баласын алып, сыртқа шығып, полиция шақыртуға мәжбүр болғанын айтты", – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Қазіргі уақытта аталған азамат ұсталды және полицияға жеткізілді, оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, шара қолданылатын болады. Ал әйелі күйеуіне қатысты ресми арыз жазудан бас тартты.