Бүгін сағат 11:20 шамасанда Алматының әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан "НұрлыТау" бизнес орталығының 12 қабатынан белгісіз ер адам секіріп кеткен. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оның жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмғанын хабарлады. Ал Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"Қазіргі кезде оқиға орнында Бостандық ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Қайтыс болған адамның кім екені белгілі болды. 1971 жылы туған. Алдын ала болжам бойынша ол бизнес орталықтың 12 қабаттың кіре берісіндегі терезеден секіріп кеткен. Оқиғаның мән-жайы тергеу амалдары барысында анықталады",– деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.