Алматыда мас ер адам дәрігерлерді үйіне қамап, қорқытып, пышақпен қуған

593

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты агрессия көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Алматыда мас ер адам дәрігерлерді үйіне қамап, қорқытып, пышақпен қуған Фото: inbusiness.kz

Полицияның мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шақырту бойынша келген жедел медициналық көмек бригадасын науқастың мас күйдегі ұлы қарсы алып, өзін агрессивті ұстаған. 

Ол дәрігерлерді пәтерде қамап, қорқытып, айналасындағыларға қауіп төндіретін заттарды көрсеткен.

Медициналық қызметкерлер оқиға орнынан әрең шығып үлгерген. Алайда ер адам оларды пышақпен қуып, қудалауын жалғастырған.

Аталған факт бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданы Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

– Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел қызмет мамандарына қатысты кез келген агрессия мен қорқыту әрекеттері заңмен қудаланатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу