Алматыда ер адам көлік ұрлап, жол апатына түсті

777

Алматыда мас ер адам танысының көлігін ұрлап, жол апатына түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Sputnik Қазақстан агенттігінің мәліметінше, жол апаты Достық шағын ауданындағы Қарғалы көшесінде болған. 

Алматыда ер адам көлік ұрлап, жол апатына түсті

Ұрланған Audi көлігі BMW-ге соғылған. Екінші көліктің жүргізушісі ұрланған көліктің жанына барғанда ондағы адамның мас екенін түсінген. Оқиға орнына келген медиктер Audi жүргізушісін ауруханаға алып кеткен. Тексеріс барысында ер адамның мас екені расталған.

Полиция күдіктінің көлікті ұрланғанын анықтаған. Audі-дің заңды иесі тәртіп сақшыларына көлікті досы ұрлап кеткенін айтқан.

Бүгінде ер адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Ол көлік ұрлағаны үшін қылмыстық жазаға тартылады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу