Алматыда ер адам көпқабатты үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған

473

27 жастағы күдікті ұсталды.

Алматыда ер адам көпқабатты үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған Фото: Polisia.kz

Алматыда 27 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үй кешенінде есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткіні шығаратын зертхана Алматының Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің біріндегі екі бөлмелі пәтерде жұмыс істеп тұрған. 27 жастағы У.есімді азамат “синтетика” өндіру үшін тұрғын үйді арнайы жалға алғандығы белгілі болды. 

"Тінту кезінде медициналық шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, жасыл түсті изолента, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және синтетикалық психотроптық зат мефедрон өндірісінде қолданылатын басқа да құралдары тәркіледі. Сондай-ақ дайын өнім – кристалдар түріндегі ақшыл түсті зат. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 139,57 грамм альфа-PVP есірткі заты болып табылады. Сонымен қатар көк түсті изолентаға оралған, ақшыл ұнтақты зат, болжам бойынша мефедрон, бөлек оралған 15 және 6 бетбелгі тәркіленді. Пәтерден табылғанның бәрі: сұйықтық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді", деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов. 

Сондай-ақ, жас жігіт бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу