Алматыда ер адам шалбарын шешіп, балаларға жыныс мүшесін көрсеткен

582

Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.

Алматыда ер адам шалбарын шешіп, балаларға жыныс мүшесін көрсеткен Фото: видео скриншот

Аталған оқиға Алматыда орын алған. Алматы полиция департаменті фактіні растап, 27 жастағы ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында белгісіз біреу балалардың көзінше шалбарын шешкен. Әсіресе ойын алаңындағы қыздардың алдында шалбарын шешуге тырысқан. Тұрғындар ер адамды ұстады. 

"1996 жылы туған азамат А.-ға қатысты әкімшілік шара қолданылып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу