Белгісіз адам элиталық үйдегі пәтерлердің бірін тонауға тырысқан. Бетперде киген адам өзін электрик ретінде таныстырып есікті ашуды өтінген. Ал ашқан кезде отбасылы жұпқа жарақат салатын қарумен оқ атқан. Қарақшы полиция келгенге дейін жасырынып үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Пәтер иелері аман қалды. Күдікті әлі де іздестірілп жатыр. Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі бұл факт бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу