Алматыда ер адам үйге баса-көктеп кіріп, 11 жастағы қызды зорлап кеткен

291

Бұл туралы қыздың анасы айтты. 

Алматыда ер адам үйге баса-көктеп кіріп, 11 жастағы қызды зорлап кеткен Фото: газета.ру

Алматыда ер адам мас күйде бөтен үйге баса-көктеп кіріп, 11 жастағы қызды зорлаған. Бұл туралы қыздың анасы айтты. Ер адам егер кішкентай қыз бұл әрекеті туралы біреуге айтса, анасын өлтіріп кететінін айтып, қорқытқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйел адамның сөзінше, сұмдық жайт болған күні ол жұмысқа ерте кеткен, үлкен қызы мектепте болған. Ал кіші қызы түстен кейін оқитындықтан үйде жалғыз қалған. Сол күні ер адам мас күйде үйге басып кірген. Күдікті шешініп, оқушы қызды қылқындырып, зорлап, артынша, егер бұл жайлы біреуге жеткізсе, анасын өлтіріп кететінін айтқан. 

Ер адам үйден шығып кеткен кезде қыз бала бірден анасына хабарласқан. 

"Ол үйге бөтен ер адам келгенін айтты. Қызым айғайламауы үшін аузын жауып тұрған. Жерге құлатып, шешіндіріп тастап, азғындық әрекетін жасаған", – дейді жәбірленуші қыздың анасы. 

Бұл жайттан кейін 11 жастағы қыз әлі өзіне келе алмай жүр. Әйел адамның сөзінше, олар пәтерге 2 апта бұрын көшіп келген. Олар аядай бөлмені 70 мың теңгеге жалдап тұрады. Күдікті ер адаммен таныс болмаған. 

Ер адамды полиция бірден ұстаған. 

"Ер адам есік ашық тұрғандықтан оңай кіріп кеткен. Қыз бала үйде жалғыз болған, сондықтан қарсыласуға күші жетпеген. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, сараптама жүргізіп, оқиға орнын тексеріп, қажет сараптамалар тағайындады. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық іс қозғалды. Егер педофилдің кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойына сотталуы мүмкін", – дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу