Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп көз жұмды

213

Оқиға орнынан түсірілген видео желіде таралды. 

Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 31 қаңтар күні Розыбакиев көшесі мен Райымбек батыр даңғылының қиылысында болған. Жол-көлік оқиғасы көлік пен жаяу жүргіншілер көп жүретін көтерме-бөлшек сауда нарығына жақын аумақта болған.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда ер адамның жолдан өтіп бара жатқаны, санаулы уақыттан кейін жүк көлігінің астына түскені бейнеленген. Ауыр жарақат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі таңда полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу