Алматыда "Қоқыс жәшігіне жеткізіп салшы!" экологиялық әлеуметтік эксперимент жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Кісі аяғы үзілмейтін жерге "Қоқыс жәшігіне жеткізіп салшы!" деген жазуы бар пластикалық бөтелке тасталды.Эксперимент нәтижесінде әрбір төртінші адам қоқысты қоқыс жәшігіне тастаса, қалған 75%-ы аттап, тіпті кейбірі теуіп өте шыққан.
Ал жәшікке тастамақ болып қоқысты ала берген тұрғындарға астынан сыйлық ретінде кішігірім шоколад шықты. Әлеуметтік эксперимент 22 сәуір күні, сағат 10.00-де қаланың барлық ауданында өтетін "Almaty Clean and Green" акциясы аясында өткізілді.