Алматыда ерлі-зайыпты қарияларды 56 жастағы танысы өлтіріп кеткен

648

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. 

Алматыда ерлі-зайыпты қарияларды 56 жастағы танысы өлтіріп кеткен Фото: canva.com

Алматы қаласында тұрғын үйлердің бірінен 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше оқиға 27 қараша күні болған. 

"Түрксіб аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжалдың салдарынан өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр",  делінген ПД мәлімдемесінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу