Алматыда ерлі-зайыпты журналистер сотталды

323

Бірақ үкім бес жылға шегерілді.

Алматыда ерлі-зайыпты журналистер сотталды Фото: Facebook

Алматыда журналист әрі ерлі-зайыптылар Владимир мен Наргиз Северныйларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әскери журналист Владимир Северный жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жары Наргиз Северная сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ үкім бес жылға кейінге шегерілді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы журналистерді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Айта кетейік, Владимир мен Наргиз Северный 2023 жылдың 20 сәуірінде Алматыда ұсталған. Полиция Алматыдағы жеке компанияның басшысы жағымсыз материалдарды жарияламағаны үшін ақша бопсалағанын айтқан.

Журналистердің ақшаны беру кезінде қолға түскені туралы айтылған.

Владимир Северный осы уақыт бойы қамауда болды, ал Наргиз Северный үйқамақта отырған.

Айта кетейік, Владимир Северный – әскери тілші. Тұтқынға алынардан бір күн бұрын оның әйелі әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрлігі журналистке әскердегі мәселелерді жазғаны үшін қарсы арандатушылықтар дайындап жатыр деген болжам қалдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу