Алматыда ерлі-зайыпты журналистер ұсталды

Олар кәсіпкерден ақша бопсалады деп айыпталуда. 

Алматыда ерлі-зайыпты журналистер ұсталды Фото: Наргиз Северная/facebook.com

Алматыда құқық қорғау органдары журналистер Владимир мен Наргиз Северныйлар ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы олардың ұлы Ратмир мәлім етті.

"Кеше кешкі сағат жетіде "Достық Плаза" сауда орталығында менің сіңлім мен інімнің көзінше ата-анам қамауға алынды", - деді ол жұма күні әлеуметтік желіде жарияланған видео үндеуінде.

Оның айтуынша, оларды форма киген бірнеше адам ұстаған және тергеушілер оларды бейнекамераға түсіріп, тінтіген. 

"Анамды бірден бөлімшеге алып кетті, ал әкемді бізді үйге жеткізген соң алып кетті", - деді Ратмир Северный.

Сонымен бірге ол ата-анасына бопсалау бойынша айып тағылғанын айтты.

Ал Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерлі-зайыптылардың алматылық ЖШС басшыларының бірінен теріс пиғылды материалдарды жарияламау үшін ақша бопсалап, сұраған қаржының бір бөлігін аударған кезде ұсталғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел-іздестіру шараларының барлық кешені жүргізілуде, нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады", деп жазылған полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу