Алматыда ерлі-зайыптыны өз пәтерінде атып, қашып кеткен күдікті ұсталды

750

Белгілі болғандай, ол жәбірленушілердің үйіне жиһаз орнатқан. Сол кезде сейфті байқап қалып, тонауды жоспарлаған.

Алматыда ерлі-зайыптыны өз пәтерінде атып, қашып кеткен күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Алматыда 20 желтоқсан күні қаланың Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың беті ашылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарақшылық шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр.

Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталды.

"Бұл – Жетісу өңірінен келген 38 жастағы азамат. Бір күн бұрын ол ұсталып, қамауға алынды", – деп жазылған хабарламада.

Қаскөй бетін медициналық бетперде және шарфпен жасырып, таңертең олардың есік қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып, олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмек шақыра бастаған. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу