Алматыда ерлі-зайыптыны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан

1642

Қызды қорғамақ болған ерлі-зайыптыны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда ерлі-зайыптыны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан

Бұл туралы Анна Димитриевич өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

"Расында да, бізден бірнеше метр жерде бір жігіт қызды ұрып жатыр екен. Біз ойланбастан жүгіріп барып, оны тоқтатуға тырыстық. Жігіт бізге шабуылдай бастады. Олег соққыдан құлап қалды. Орнынан тұрайын дегенде, жігіт Олегтің басын допша тепті. Ара түскен маған да соққы тиіп, есімнен танып қалдым. Артынша полиция да келіп үлгерді. Есімі – Нұрасыл", - деп жазды Анна Димитриевич.

Болған жағдайға қатысты баспасөзге сұқбат дерген Дәулет Тұрлыханов жағдайды растады.

"Ол кәмелетке толған. Иә, ол менің ұлым. Ол барлық әрекеттерге жауапты. Оның қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары шешім қабылдайды", - деді Дәулет Тұрлыханов.

Полиция қазірдің өзінде сот-медициналық сараптама тағайындады. Іс Қылмыстық Кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша тергеліп жатыр. 

Айта кетелік, Дәулет Тұрлыханов бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына Астана қаласы атынан үміткер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу