Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпірде 8 жолақты көлік қозғалысы ашылды

Шілдеде техникалық сараптама нәтижелеріне сәйкес апаттық жағдайда деп танылған әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау жұмыстары басталған болатын. 

Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпірде 8 жолақты көлік қозғалысы ашылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жаңғырту жұмыстары аясында беларқаларды күшейту, ескілерін алынып, 96 жаңа аралық құрылыс плиталары орнатылды, гидроизоляция жасалып, асфальтбетон жабыны төселді. 1 қыркүйек кестеге сәйкес техникалық ашылуы болды.

Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жаяу жүргіншілерге көлік жүретін бөліктің екі шетінен уақытша жолақ бөлінген. Көпірдің бойымен толығымен көлік қозғалысы ашық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу