Алматыда есірткі курьерлері бетбелгі қою үшін кофе стақандарын пайдаланған

1272

Белгілі болғандай, олар жұппен жұмыс істеген.

Алматыда есірткі курьерлері бетбелгі қою үшін кофе стақандарын пайдаланған Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы есірткі курьерлері бетбелгі қою үшін кофе стақандарын пайдаланатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясы арнайы іс-шара барысында синтетикалық есірткіні көтерме сатушылар мен бөлшек саудада таратушыларды ұстады. Белгілі болғандай, олар жұппен жұмыс істеген.

– Бірнеше күн бұрын 27 және 29 жастағы алматы азаматтары ұсталды, олардан мефедрон синтетикалық психотроптық заты бар 36 бума тәркіленді. Арнайы іс-шаралар барысында жастар есірткіні тұрақты жеткізушілерден сатып алғаны анықталды. Бұл адамдар, белгілі болғандай, тек сенімді сатушылармен “жұмыс істеуді” жөн көрді. Қаскөйлердің жалға алған үйінен, атап айтқанда, тоңазытқыштан жалпы салмағы 2 келіге жуық ұнтақты зат салынған 745 бума табылды және тәркіленді. Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, есірткіні көп мөлшерде Алматы облысының елді мекендерінен алғандарын айтты. Күдіктілер ірі көлемдегі есірткіні кофе стақандарына жасырған, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Қылмыстық істі Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу